04
ноябрь
2025
“Кітап оқитын оқушы” жобасы аясында әдеби талдау
Шымкент қаласы Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында “Кітап оқитын оқушы” жобасы аясында әдеби талдау өтті.
Кітапхана басшысы Анар Жаппарқұлова бастаған ұжым А.Сейдімбек атындағы 80 ІТ мектеп-лицейінің 9 «В» сынып оқушыларымен бірлесіп, қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгерлері Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» және Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» шығармаларына талдау жасады.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері оқушыларға шығармалардың мазмұнын тереңірек түсінуге, көркемдік ерекшеліктерін тануға бағыт-бағдар беріп, көкірек көзін ашуға ықпал етті. Сонымен қатар екі автордың жазу мәнері мен баяндау үлгісіне салыстырмалы талдау жасалып, оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Бұл шара оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, әдебиетке деген құрметін де тереңдетті
