04
ноябрь
2025
Педагогикалық- психологиялық қызметтің жоспары және ДосболLIKE бағдарламасы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 80 IT мектеп-лицейінде Педагогикалық- психологиялық қызметтің жоспары және ДосболLIKE бағдарламасы негізінде 03.11-10.11.2025жж аралығында аутодеструктивті мінез-құлықтың, құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың буллингтің алдын-алу мақсатында «Позитивті эмоциялар жанға қуат береді» тақырыбында әлеуметтік-
психологиялық апталық өтілуде.
Апталық аясында педагог-психолог А. Нысан 6-сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау, өзіне сену, өмірдің маңызын түсіну дағдыларын дамыту, өмірге деген жағымды ой қалыптастыру мақсатында «Өзін-өзі құрметтеу және өмірге құндылықпен қарау» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырып өткізді. Тренингке оқушылар белсене қатысып, жағымды психологиялық ахуал орнады.