«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы (БАҰО) базасында екі апталық «Білім берудегі менеджмент» тақырыбындағы курс » «№80 IT мектеп-лицейі» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№80 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 77-47-86
Есепші бөлімі:
+7(7252) 77-47-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы (БАҰО) базасында екі апталық «Білім берудегі менеджмент» тақырыбындағы курс
04
ноябрь
2025

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы (БАҰО) базасында екі апталық «Білім берудегі менеджмент» тақырыбындағы курс

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы (БАҰО) базасында екі апталық «Білім берудегі менеджмент» тақырыбындағы курс басталған болатын.
Аталған курсқа қаламыздың қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының басшылары мен директордың орынбасарлары  сондай-ақ мектебіміздің директоры Б.Қ.Абдишукурова да қатысуда.
Курс аясында тыңдаушылар мектептегі басқару үдерісін жетілдіру, инновациялық менеджмент және заманауи білім беру технологияларын енгізу бағытында тәжірибе алмасуда.
Бүгін 31.10.2025 күні мектебімізде «Білім берудегі менеджмент» курсына қатысушылардың қатысуымен және Курс тренері — Гүлфазира Қозыбайқызымен «Жасанды интеллекті сабақта тиімді пайдалану» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді.
Семинарды мектебіміздің информатика пәні мұғалімдері — Гүлзейнеп Исақұлқызы мен Сахы Нұрсұлтан жоғары деңгейде жүргізді.
Семинар барысында қатысушыларға жасанды интеллекттің тек технология емес, жаңа мүмкіндіктер әлемі екені, оның күнделікті өмірді жеңілдетіп, жұмысты тиімді етуге мүмкіндік беретін қуатты құрал екені түсіндірілді.
🔧 Қонақтар сонымен қатар STEM және робототехника кабинетімен танысты. Бұл кабинетте оқушылар тек теорияны меңгеріп қана қоймай, нақты тәжірибе арқылы білімін жетілдіріп, шығармашылық жобалар жасап, түрлі жарыстарға қатысады.
🌍 Бүгінгі заман талабы – инновациялық ойлау мен технологиялық сауаттылық!
Осындай мазмұнды іс-шаралар мен курстар арқылы педагогтардың кәсіби дамуы мен білім беру процесінің сапасы артып келеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив