12
июнь
2024
*БАЙҚАУ*!

№80 IT мектеп – лицейінің ұйымдастыруымен жазғы демалысты тиімді өткізу мақсатында кітап оқудан сайыс басталды. Сайысқа бастауыш сынып 1- 4 және 5 -11 сынып оқушыларын қатысуға шақырамыз. Ал жеңімпаздар мен қатысушыларға қомақты сыйлықтар берілмек.
« Ebook 80» сайтында осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған "Тұлға болам" атты кітап оқу сайысы жайлы кеңірек ақпарат береді.
Кітап оқу сайысы "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында өтеді. Əр топтың кітабы және жүлдесі бөлек. Сайысқа қатысушылар қазақ классиктері мен әлем классиктері кітабын оқып жарысады. Қатысушылар 15 маусымнан, 15 тамызға дейін кітапты оқып бітіруі тиіс. Бастауыш буындар да осы уақыт аралығында оқыған ертегілеріне таныстырылым жіберуі шарт. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай мына кітаптар беріліп отыр:




5-11 сыныптар үшін әр кезеңнің соңында кітап бойынша 30 сұрақтан тұратын онлайн-тест өтеді. Ал онлайн-тестіге 30 минут уақыт беріледі.
Байқаудың шарты : (1-4 сыныптар үшін) отбасыңызбен бірге оқып, фотосуреттермен қоса кітаптан алған әсеріңізбен бөлісе отырып,фейсбук әлеуметтік желісіне жариялап, сілтемесін төмендегі ватсап номеріне жіберіп отырыңыздар!

Бастауыш буындарына:



Орта буындар үшін:



Жоғары буындар үшін:



Тамыз айының 15-не барлық жүлдегерлер анықталып, жеңімпаздарды марапаттаймыз және әлеуметтік желіге жарияланады.
