"Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына" » «№80 IT мектеп-лицейі» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№80 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 77-47-86
Есепші бөлімі:
+7(7252) 77-47-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына"
10
ноябрь
2023

"Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына"

"Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына" деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді біз барлығымыз жақсы білеміз. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технология шықса да, бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық. Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызықты өткізу ғана емес. Сонымен қатар, тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Адамдар барлық жинақтаған білімін жаңа ұрпаққа кітап арқылы таратады. Олар әр адамның өміріне енген заңдылық десе болады.
*Біздің кітап оқу жарысымыз өз мәресіне жетті🚀*
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында өткізілген сайысқа қатысқан  барша оқушыларымызға, кітап оқуға баулыған ата-аналарына және бағыт-бағдар беріп отырған сынып жетекшілеріне алғысымыз шексіз!  Бұл сайыста ұтылу деген болмайды, себебі біздің жас оқырмандарымыз аз ғана уақыттың ішінде  шығарманы оқып, өз мықтылықтарын көрсете білді Бұл біздер үшін жеңіс!🏆
*Жарыстың мақсаты:*
Оқушыларға кішігірім шығармаларды оқыту арқылы кітап оқуға деген ынтасын арттыру. 
 *Екі кезеңді еңсере отырып,жеңіске жеткен оқушыларымыз!*
 *I орын.* 
Тәңірберді Кәусар  6"З"
Жұмахан Балауса  6"И"
Хангелді Айзере     5"З"
 *II орын.* 
Мағауия Жадыра   5"Б"
Абдыхадыр Айару  6"М"
Сейсенбек Кәусар   5 "Л-3"
 *III орын.* 
Темірхан Қымбат    5"Л-2"
Оңал Айару               5 "Л-1"
Бархы Биназир        5 "Е"
Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз!

💐💐💐💐💐
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив