
25 қазан - Республика күні мерекесі қарсаңында, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Оқушылар сарайында Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау өткізілді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 IT мектеп-лицейінің оқу үздіктері

5 «Л» сынып оқушысы-Алишер Аңсар

5 «С» сынып оқушысы-Даурбек Айгүл
“Жас Ұлан”ұйымына ант қабылдап,ұйымға мүше болды.
Оқушыларымызға Әдістемелік орталықтың бөлім басшысы Гүлім Ергешқызы “Жас ұлан” бөс белгісін табыс етті.

Еліміздің нағыз патриоттарын, еңбекқұмар, білімге құштар, салт - дәстүріміз бен адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін жас жеткіншектерді, отансүйгіш ұландарды тәрбиелеу мақсатында, Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Іс-шара барысында білім бөлімінің басшылары,мектеп әкімшілігі, ұстаздар Жас Ұландықтарға төс белгі тағып, галстук байлады.
