«Оқы. Ойлан. Өзгер» » «№80 IT мектеп-лицейі» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№80 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 77-47-86
Есепші бөлімі:
+7(7252) 77-47-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқы. Ойлан. Өзгер»
04
ноябрь
2025

«Оқы. Ойлан. Өзгер»

📚24 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «КІТАП time - 2025» IV жалпы республикалық кітап фестивалі аясында «Оқы. Ойлан. Өзгер» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шараны жазушы, журналист, драматург Захардин Қыстаубаев, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, профессор, академик, фантаст - жазушы Сарманбай Исақ ашты.
📙Сонымен қатар қаладағы  80 lT мектеп-лицейінің оқушыларының әдеби композициясы (жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асылбаева Р.Б) орындалып, халық әні «Қара домбыраны» М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжінің студенттері шырқады.
📗Сондай-ақ, «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасының Шымкент қаласындағы үйлестірушісі Ахан Сәбитұлы Бесбаев сөз алды. Зияткерлік-ағартушылық жобаның мақсаты, талаптары туралы терең түсіндіріп берді.Оқушылар белгілі жазушылардың кітап оқудың пайдасы , қыр-сыры туралы әңгімелерін тыңдап,” Кітап оқитын ұлт “ жобасының талаптарымен танысып, жастық шақтың әр күнін оқуға, жаңа нәрсе үйренуге, пайдалы қылып өткізу керектігін ұғынып қайтты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив