04
ноябрь
2025
"Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!"
Әрбір ұлттың өзінің қастер тұтар рухани құндылықтары болатыны әркімге аян нәрсе.
Соның ішінде әрине, бірінші кезектегісі – тіл!
Сонан соңғысы сол сөйлеу тілімен қатар жүретін – музыкалық тілі!
Ал, енді қазақ ұлтының музыкалық тілі домбыраның қоңыр үнінде!
Сол себепті де "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!" деп Қадыр ақын текке жырламаса керек.
Яғни, домбыраның әрбір қазақтың өмірінде алар орны айырықша. Әсіресе, оның жас өскіннің өз ұлтының толыққанды өкілі болып қалыптасуындағы рөлі туралы даңқты қолбасшы, халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының "Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала, уызына жарымаған көтерем қозыдай болады" деген пайымы бұл айтылған ойды орнықтыра түсері анық.Осы орайда бүгін 8.10.2025 күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 IT мектеп-лицейіне Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, "БАБАЛАР АМАНАТЫ" тарихи-танымдық, әдеби-музыкалық жобасының авторы,ұстаз-домбырашы Қалмахан Омар және өзінің домбырашы оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барасында оқушыларға үйірме жайлы толық мәлімет және қазақтың домбырасы туралы мағлұмат берілді. Оқушылар 6 ай көлемінде 5 күйді үйренген және іс-шара барысында күйлерді орындап берді.Біздің мектеп-лицейінен 6”А”,6 “И”және 7фм1 сыныбынан оқушылар домбыра үйірмесіне қатысады.
