МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТҰЛЫНЫҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ » «№80 IT мектеп-лицейі» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№80 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 77-47-86
Есепші бөлімі:
+7(7252) 77-47-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТҰЛЫНЫҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ
04
ноябрь
2025

МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТҰЛЫНЫҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ

Қаламыздағы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында көрнекті ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының туғанына 95 жыл толуына  орай   «Ұлт руханиятының абызы» тақырыбында тағылымды еске алу кеші өтті. Бұл кеш «Kitap Time - 2025» фестивалі аясында ұйымдастырылып, жиынға Әуезов университетінің басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдары мен білім алушылары және БАҚ өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Кітапхана директоры Анар Жаппарқұлова  тұлғаның рухани ордада өткен талай іс-шараға белсенді қатысып, өз қолтаңбасымен кітаптар қалдырғанын ерекше атап өтті. Ғалымның шәкірттері – М.Әуезов атындағы ОҚЗУ Филология факультетінің деканы Әзімхан Ыбырайым, «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, ф.ғ.к., доцент Ақжол Қалшабек қайраткердің ұлт руханиятына, әдебиеттану ғылымына қосқан еселі еңбектерімен қатар, адами қасиеттері туралы бөліскен естеліктері жиналған қауымға үлкен әсер қалдырды. Жазушы-драматург З.Қыстаубайұлы, жазушы-журналист Қ.Дүйсенбі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі С.Исақ әдебиеттану ғылымында елеулі із қалдырған ғалымның өнегелі өмірі мен шығармашылығынан сыр шертті. 
Кеш барысында келушілер назарына ұсынылған бейнеролик пен кітап көрмесі Абайтану ғылымының тереңдігін тағы бір қырынан көрсетті. Бұл іс-шарада №80 IT мектеп-лицейінің 10- сынып оқушыларының әдеби композициясы ( жетекшісі : қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асылбаева Р. Б)орындалды. Мектебіміздің 10- сынып оқушылары А.Құнанбайұлының” Сегізаяқ”, “Қалың елім, қазағым, қайран жұртым”,”Жасымда ғылым бар деп ескермедім”, “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды.Оқушылар Мекемтас Мырзахметұлының шығармашылығын ғана емес, сонымен қатар оның өмірі мен қазақ халқының рухани дамуына қосқан өлшеусіз үлесін де тереңірек түсініп қайтты.Кеш соңында шәкірттеріміз Алғыс хаттармен марапатталды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив