04
ноябрь
2025
Ақселеу Сейдімбек атындағы №80 ІТ мектеп-лицейінде қазақтың көрнекті қаламгері,ұлт жанашыры , ғалым Ақселеу Сланұлы Сейдімбек
Ақселеу Сейдімбек атындағы №80 ІТ мектеп-лицейінде қазақтың көрнекті қаламгері,ұлт жанашыры , ғалым Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің жұбайы Орал апай мен қыздары Салтанат , Перизат , Ақбота ханымдар және мектебіміздің алғашқы басшысы әрі А. Сейдімбектің шәкірті Сауле Жантөреқызы Калибекова қонақ болып келді. Бұл – мектеп ұжымы үшін ерекше әрі тарихи мәні бар күн болды, жазушының отбасын және мектебімізге А. Сейдімбек атауын алуға көп еңбек сіңірген Сауле апаймен кездесу қуанышты сәт. Қонақтар алдымен мектеп ғимаратымен, оның материалдық-техникалық базасымен танысты. Олар Ақселеу Сейдімбекке арналған арнайы кабинетті тамашалап, зор ризашылықтарын білдірді. Мектеп қабырғасындағы көрме мен жазушыға арналған фотосуреттер, кітаптар Орал апай мен қыздарының жүрегін тебірентті. Қонақтар оқу ордасының есімі лайықты аталып, абыроймен жұмыс істеп жатқанын көріп қуанды. Олар мектеп ұжымына жылы лебіздерін білдіріп, жазушының « Қазақтың ауызша тарихы» шежірелік деректерді пайымдаудан тұратын туындысын естелікке табыс етті. Мектеп директоры мен мұғалімдер А. Сейдімбектің отбасы мүшелеріне алғыс айтып, естелік сыйлықтар табыстады. Кездесу өте әсерлі, мазмұнды өтті. Қонақтар мектеп қызметіне оң баға беріп, алдағы уақытта да байланыс үзілмейтініне сенім білдірді. Орал апай мен қыздары әкелерінің есімі ардақталып жатқанын көріп, шын ризашылықтарын білдірді. Шара соңында естелік суретке түсіп, жылы қоштасумен аяқталды.