11
октябрь
2024
№80 IT мектеп-лицейінің көркем еңбек пән мұғалімі,педагог-зерттеуші Бауыржан Рахимов ұстазымыз “Домбыра жасау технологиясын меңгертуде А.Сейдімбектің зерттеулерін қолдану әдістемесі”атты әдістемелік нұсқаулық кітапша шығарды.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 IT мектеп-лицейінің көркем еңбек пән мұғалімі,педагог-зерттеуші Бауыржан Рахимов ұстазымыз “Домбыра жасау технологиясын меңгертуде А.Сейдімбектің зерттеулерін қолдану әдістемесі”атты әдістемелік нұсқаулық кітапша шығарды.
Әдістемелік нұсқаулықта көркем еңбек пәнінен домбыра жасау технологиясын меңгертуде А.Сейдімбектің зерттеулеріне шолу жасалған. Домбыра жасауда ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген теориялық және практикалық әдістемелік ұсынымдар берілген.
Әдістемелік нұсқаулық көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған.
Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің қанатты нақыл сөзі: - «Өзіндік қасиеттен айырылған ұлт өледі. Ұлтты өлтірмейтін оның төлтума мәдениеті ғана. Сондықтан бұл жолда еткен еңбек пен төккен терді Тәңірдің сыбағасына балай жүріп, өткеннің асылдары болашақ ұрпақтың жан-жүрегін жылытуы үшін қол жалғап жіберуіміз қажет-ақ», - оның өмірі мен шығармашылығының бағдарламасы іспеттес.Осы орайда,мектептегі білімді жандандырып, баланың рухани-адамгершілік болмысын жарыққа шығару үшін көркем еңбек сабағында домбыра жасау технологиясын меңгертуде Ақселеу Сейдімбектің зерттеулерін қолдануды жөн санаған.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әрбір мұғалімнің алдында ерекше маңызды, әрі жауапты міндеттер қоюда. Қазіргі заман талабына сай, ұлттық құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.

