23
октябрь
2024
Шымкент қаласы “Түркістан”мәдениет сарайында Санжар Керімбай мырзамен №80 ІТ мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Абусамаева Кенжекуль Осеновна және Абилханова Ақшолпан Турдановна өз сынып оқушыларымен бірге рухани кеште бас қостық.
Шымкент қаласы “Түркістан”мәдениет сарайында Санжар Керімбай мырзамен Щымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 ІТ мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Абусамаева Кенжекуль Осеновна және Абилханова Ақшолпан Турдановна өз сынып оқушыларымен бірге рухани кеште бас қостық.
Санжар Керімбай _ қазақ қоғамында зияткерлік (интеллектуалды) ой-пікір қалыптастырушы тұлға ретінде танымал. Ол қоғамда ұлттық сананы қалыптастыру, жастарды рухани байыту мәселелері бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Санжар мырзаның пікірінше, ұлттық сана мен рухани байлық тек өткеннің мұрасы ғана емес, болашаққа бағдар беретін күш.
Ол жазған "Қаныш- ғылыми майдан" кітабының тұсаукесер кешінде біз оқушылармен бірге керемет рухани құнды мәліметтер алдық. Санжар мырзаның шығармашылығы арқылы әрбір қазақ жастары рухани мәдениетін жаңғыртуға ұмтылатыны ақиқат екеніне тағы көз жеткіздік. Оқушылар Санжар Керімбайды жақыннан танып, ол кісінің ұлттық болмыс пен мәдени мұраның мәнін ашудағы қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерге жауап беруіне таң тамаша болды. Және қазақ мәдениеті мен тарихын терең зерттеу, өз халқыңның құндылықтарын түсіну мен құрметтеу керектігін ұқты.