24
март
2025
23 НАУРЫЗ – ТАЗАРУ КҮНІ
Наурызнаманың соңғы күні
Бұл күн – қоршаған ортамызды таза ұстап, табиғатты қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақыратын маңызды мереке.
Бұл күн адамзаттың әлемнің бір бөлшегі екенін еске салады. Наурыз мейрамы табиғат тазалығы мен адамның ішкі жандүниесінің үйлесімді болуын насихаттайды.
Тазару рәсімі үй-жайларды, аулаларды тазалау, табиғатты қорғау және өткеннің сарқыншағынан құтылуды білдіреді.
Бақыт пен береке тазалық пен шынайылық орнаған жерде болады.
Әрдайым таза ортада өмір сүріп, табиғатты аялап, салауатты өмір салтын ұстанайық!
Тазалық – денсаулық кепілі! Табиғатымызды аялаған жанның жүрегі де таза болады.