13
март
2025
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты
№80 ІТ мектеп-лицейінде
13 наурыз күні бастауыш сынып бірлестігінің он күндігінде “Өнегелі өмір “ жобасы аясында “Спорт-менің өмірімде”атты Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері,Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Ділдәбеков ,еліміздің Әлем және Азия чемпиондары Біржан Жақыповтармен кездесу ұйымдастырылды.
Чемпиондармен кездесу өте әсерлі өтті. Өздеріне үнемі жеңіс әкелетін ұтқыр тәсілдері туралы, адал еңбекпен келетін жеңістері жайлы кеңінен әңгімелеп берді. Мұндай кездесулер оқушыларымыздың патриоттық көзқарасын қалыптастыруға, олардың арасында парасаттылық құндылықтарын насихаттауға оң ықпал етеді.
Үсен А, Шадманова Қ,
Наурзбаева С. ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз!