20
март
2025
⚜️Наурызнама: "Ұлттық спорт" күні⚜️
Наурыз – ата-бабамыздан жеткен көктемнің, жаңарудың, береке мен бірліктің мерекесі. Осы ұлыстың ұлы күнінде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу – үлкен мақтаныш.
20 наурыз күні №80 IT мектеп-лицейінде Наурызнама аясында "Ұлттық спорт" күні атап өтілді. Бұл күн – халқымыздың қайсарлығын, ептілігін және жігерін көрсететін ұлттық ойындар мен спорт түрлерін насихаттауға арналған.






Іс-шара соңында ұлттық ойындарға белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
Ұлттық спорт – тек дене шынықтыру ғана емес, ата-бабамыздың өмір сүру салты мен рухын бойға сіңіру!
Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз! Ұлттық ойындарымыз ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!
Ұйымдастырушылар: дене шынықтыру пәні мұғалімдері.
