18 НАУРЫЗ - “ҰЛТТЫҚ КИІМ” күні » «№80 IT мектеп-лицейі» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№80 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 77-47-86
Есепші бөлімі:
+7(7252) 77-47-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 18 НАУРЫЗ - “ҰЛТТЫҚ КИІМ” күні
18
март
2025

18 НАУРЫЗ - “ҰЛТТЫҚ КИІМ” күні

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 IT мектеп-лицейінде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Наурызнама”онкүндігінің жоспарына сай 18 Наурыз- “Ұлттық киім” күні. Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы. Осы орайда мектеп ұжымы және оқушылар қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім үлгісін заманауи жаңғырту мақсатында ұлттық киімдерін көрсетті. 
⚜️18 наурыз – Қазақстанда Ұлттық киім күні ретінде атап өтілетін ерекше мейрам. Бұл күн қазақтың дәстүрлі мәдениетін жаңғыртып, ұлттық киімнің маңыздылығын насихаттауға бағытталған.
⚜️Қазақ халқының ұлттық киімі – тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Әрбір ою-өрнек, әрбір түйме мен зергерлік бұйым белгілі бір мағынаға ие. Қазақы шапан, камзол, сәукеле, тақия, белбеу мен етік – халқымыздың өмір салты мен эстетикалық талғамын көрсетеді.
⚜️Бүгінде қуантарлық жағдай дизайнерлер қазақтың ұлттық нақыштарын заманауи киім үлгілеріне бейімдеп, күнделікті өмірге енгізуге тырысуда. Камзол мен шапанның заманауи үлгілері, ою-өрнекпен көмкерілген көйлектер мен костюмдер трендке айналып келеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив