26
март
2025
”ЖЕР САҒАТЫ”ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 IT мектеп-лицейі "Жер сағаты" экологиялық акциясына қатысып, табиғатты қорғауға атсалысты.Мектеп ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, шыршалар отырғызылды.
Табиғатты қорғауға барлық сыныптың оқушыларын шақырамыз, біз бірге табиғатты сақтайық.
“Жер сағаты” акциясы - Дүниежүзілік жабайы табиғат Қоры өткізетін жыл сайынғы халықаралық іс-шара. Ол барлық адамдарды табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады. Шара аясында климаттың өзгеруіне байланысты адамзатты электр энергиясын тиімді пайдалануға шақыру мақсатында әлемдік маңыздағы сәулет ескерткіштері мен ғимараттары өз жарықтарын өшіреді.