17
октябрь
2024
«20 МИНУТ-КІТАП ОҚИМЫЗ»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 IT мектеп-лицейінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «20 минут –кітап оқу» шарасы іске асырылуда.
Мақсаты: оқу мәртебесін, оқу белсенділігін және оқу сапасын арттыру, балалар мен жастардың мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту, сондай- ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Ақпарат құралдардың қарыштап дамыған заманында жас оқырмандарымыздың кітап оқуға деген ынтасын ояту бүгінгі күннің талабы. Өйткені ұлттың рухани сауаттылығы кітап оқуға тікелей байланысты.
Осы орайда мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары 20 минут кітап оқуда.
Оқыған кітаптарын талқылап, пікіралмасулар өтуде.
Білімге ұмтылған жас оқырман, талабыңызға нұр жаусын! Зейіндеріңіз ашылсын!

