18
октябрь
2024
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Ертегілер әлеміне» қызықты саяхат
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 IT мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқушылары «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Ертегілер әлеміне» қызықты саяхат жасап, білім алушыларымыз ертегілердің ғажайып әлеміне ену мүмкіндігіне ие болды. Бұл саяхат балалардың қиялын дамытып, әдебиетке деген қызығушылығын арттырды. Ертегілердің сырлы әлемі әр баланың жүрегіне қуаныш ұялатып, жаңа білім мен жаңалықтармен толтырылды. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!