"Менің атым Қожа" атты ерекше іс-шара » «№80 IT мектеп-лицейі» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№80 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 77-47-86
Есепші бөлімі:
+7(7252) 77-47-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Менің атым Қожа" атты ерекше іс-шара
10
октябрь
2024

"Менің атым Қожа" атты ерекше іс-шара

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80  IT  мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және кітапхана меңгерушісі М.Жанзаковамен бірлесе отырып Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай қазақ әдебиетінің алтын қазынасына айналған "Менің атым Қожа" атты ерекше іс-шара 2.10.күні өткізілді. Ұлы жазушының шығармашылығына арналған бұл іс-шара ұрпақтан-ұрпаққа жеткен классикалық туындыны тағы бір рет еске түсіріп, оның маңыздылығын ұлықтауға арналды.
Іс-шара барысында "Менің атым Қожа" повесінің басты идеялары мен тәрбиелік мәні талқыланып, балаларға арналған қызықты бағдарламалар ұйымдастырылды. Қатысушылар Б. Соқпақбаевтың шығармашылығының тереңдігі мен ұлылығын сезініп, оның қазақ әдебиетіндегі рөлін жоғары бағалады.
Барлық қатысушыларға және қолдау көрсеткендерге шын жүректен алғыс айтамыз. Осындай рухани мәні зор іс-шаралар біздің мәдени мұрамызды бағалап, кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. 
Бердібек Соқпақбаевтың мұрасы мәңгілік жасасын!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив