Ақпарат » «№80 IT мектеп-лицейі» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№80 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 77-47-86
Есепші бөлімі:
+7(7252) 77-47-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
📚 Күзгі  демалыста кітап оқимыз! 🍂
04
ноябрь
2025
📚 Күзгі демалыста кітап оқимыз! 🍂
Күзгі демалыс – білім мен рухани байлықты арттырудың тамаша уақыты! Осы орайда  мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 3 “З” сынып оқушылары Алшынбек Даниал мен Кеңесбек Сұңқар «Демалыста кітап оқимыз» атты іс-шарасына қатысты. Оқушылар демалыс күндерін мәнді өткізіп, сүйікті кітаптарын оқып, қызықты оқиғалар мен жаңа кейіпкерлер әлеміне саяхат жасады. Кітап — ең сенімді дос, ақылдың кілті. Күздің шуақты күндерінде әр оқушының жүрегіне кітап жылуы ұялата білейік!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы (БАҰО) базасында екі апталық «Білім берудегі менеджмент» тақырыбындағы курс
04
ноябрь
2025
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы (БАҰО) базасында екі
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы (БАҰО) базасында екі апталық «Білім берудегі менеджмент» тақырыбындағы курс басталған болатын. Аталған курсқа қаламыздың қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының басшылары мен директордың орынбасарлары  сондай-ақ мектебіміздің директоры Б.Қ.Абдишукурова да қатысуда. Курс аясында тыңдаушылар мектептегі басқару үдерісін жетілдіру, инновациялық менеджмент және заманауи білім беру технологияларын енгізу бағытында тәжірибе алмасуда.
Азаттықтың ақ таңы атқан күн – Республика күні құтты болсын🇰🇿🇰🇿🇰🇿
04
ноябрь
2025
Азаттықтың ақ таңы атқан күн – Республика күні құтты болсын🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Бұл мереке – ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арманының жүзеге асқан күні. Егемен ел болу – ұлы бақыт, зор жауапкершілік.Бұл – бабалар аманаты, келешек ұрпақтың мәңгілік мұраты. Республикамыздың туы биікте желбіреп, халқымыздың мерейі үстем болсын!  Мереке құтты болсын!
“ЖАС ҰЛАН” БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ұйымына қабылдау🇰🇿🇰🇿🇰🇿
04
ноябрь
2025
“ЖАС ҰЛАН” БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ұйымына қабылдау🇰🇿🇰🇿🇰🇿
25 қазан - Республика күні мерекесі қарсаңында, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты  Оқушылар сарайында  Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау өткізілді. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 IT мектеп-лицейінің  оқу үздіктері 5 «Л» сынып  оқушысы-Алишер Аңсар 5 «С» сынып оқушысы-Даурбек Айгүл  “Жас Ұлан”ұйымына ант қабылдап,ұйымға мүше болды.  Оқушыларымызға Әдістемелік орталықтың бөлім басшысы Гүлім Ергешқызы “Жас ұлан” бөс белгісін табыс
🍁 КҮЗГІ КАНИКУЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК
04
ноябрь
2025
🍁 КҮЗГІ КАНИКУЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 IT мектеп-лицейі  КҮЗГІ КАНИКУЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК Күзгі демалыс – балалардың тынығып, денсаулығын нығайтып, жаңа тоқсанға дайындалатын кезеңі. Осы уақытта балалардың өмір қауіпсіздігіне ерекше мән беру  1. Жолда қауіпсіз жүріңіз • Көшеде абай болыңыз, тек жаяу жүргіншілер жолағымен өтіңіз; • Жол бойында телефонмен әңгімелеспеңіз, құлаққап кимеңіз; • Велосипед, самокат айдағанда арнайы қорғаныс құралдарын қолданыңыз.   2. Өрт қауіпсіздігін сақтаңыз •
“БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ” жобасы
04
ноябрь
2025
“БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ” жобасы
 Оқуға құштар мектеп – “Білім кілті – кітапхана” Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 IT мектеп-лицейінде 17 қазан күні 1-сынып оқушылары кітапхана әлеміне алғашқы қадам жасады! “Кітапханаға саяхат” атты танысу сабағы барысында балалар кітаптың қадірін біліп, кітапхана ережелерімен танысты. Кішкентай оқырмандар кітаптың иісін сезініп, түрлі-түсті ертегі әлеміне саяхат жасап, өздерінің алғашқы оқырман билеттерін алды. Бұл күн – олардың білім мен ізденіс жолындағы алғашқы баспалдағы!
📚 «Кітап оқитын мектеп – оқуға құштар ұжым» 📚
04
ноябрь
2025
📚 «Кітап оқитын мектеп – оқуға құштар ұжым» 📚
Біздің мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқитын мектеп» атты бейнеролик дайындалды. Бұл жоба — жас ұрпақтың рухани дамуына, білімге, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама.  Кітап – адамның жан серігі, ой қазынасы, рухани азығы. Оқушылар мен ұстаздар бірлесе отырып, кітап оқу мәдениетін дәріптеп, үлгі көрсетті.  Мақсатымыз – әр балада кітап оқуға деген қызығушылықты ояту, оқу арқылы ой-өрісін кеңейту және тұлғалық дамуына ықпал ету!
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің базасында
04
ноябрь
2025
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің базасында
Шымкент каласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы ағымдағы жылдың 15 қазан күні сағат 14:00-17:00 аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің базасында (Тәуке хан даңғылы, №5) Халықаралық білім беру көрмесі «Білімді келешек - ІІ» атты іс-шараға 10хб2 сынып оқушыларын кәсіптік бағдар беруші маман А.Б.Келдібек оқушыларды болашақ мамандық тандауға бағыт көрсету, сонымен қатар жоғаргы оқу орындарымен танысуға мүмкіндік жасады. Көрмеге Казакстан, Өзбекстан, Ресей
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА
04
ноябрь
2025
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА
Шымкент қаласы білім барқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 80 ІТ мектеп - лицейінде 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі 14 қазан өтті. Олимпиада математика,жаратылыстану,қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі мен әдебиеті,Қазақстан тарихы,ағылшын тілі пәндерінен - 261 оқушы қатысты.  Жүлдегерлер саны: 12оқушы. Олимпиада жүлдегерлеріне аудандық кезеңге сәттілік тілейміз!
Ақселеу Сейдімбек атындағы №80 ІТ  мектеп-лицейінде  қазақтың көрнекті қаламгері,ұлт жанашыры ,  ғалым Ақселеу  Сланұлы  Сейдімбек
04
ноябрь
2025
Ақселеу Сейдімбек атындағы №80 ІТ мектеп-лицейінде қазақтың
Ақселеу Сейдімбек атындағы №80 ІТ  мектеп-лицейінде  қазақтың көрнекті қаламгері,ұлт жанашыры ,  ғалым Ақселеу  Сланұлы  Сейдімбектің жұбайы Орал апай мен  қыздары Салтанат , Перизат , Ақбота ханымдар   және мектебіміздің алғашқы басшысы әрі         А. Сейдімбектің шәкірті  Сауле Жантөреқызы Калибекова қонақ болып келді.  Бұл – мектеп ұжымы үшін ерекше әрі тарихи мәні бар күн болды, жазушының отбасын және мектебімізге А. Сейдімбек атауын алуға көп еңбек сіңірген Сауле апаймен кездесу қуанышты
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 17 Вперед