04
ноябрь
2025
“БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ” жобасы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 IT мектеп-лицейінде 17 қазан күні 1-сынып оқушылары кітапхана әлеміне алғашқы қадам жасады! 

“Кітапханаға саяхат” атты танысу сабағы барысында балалар кітаптың қадірін біліп, кітапхана ережелерімен танысты.
Кішкентай оқырмандар кітаптың иісін сезініп, түрлі-түсті ертегі әлеміне саяхат жасап, өздерінің алғашқы оқырман билеттерін алды. 

Бұл күн – олардың білім мен ізденіс жолындағы алғашқы баспалдағы!
