Материалы за Ноябрь 2025 года » Страница 4 » «№80 IT мектеп-лицейі» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№80 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 77-47-86
Есепші бөлімі:
+7(7252) 77-47-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Ноябрь 2025 года » Страница 4
🏆 5 “С” сыныбының мақтанышы – Уалихан! 🏆
04
ноябрь
2025
🏆 5 “С” сыныбының мақтанышы – Уалихан! 🏆
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 IT мектеп-лицейінің  5 “С” сынып оқушысы Уалихан Ташкент шаһарында өткен AFL Kids халықаралық футбол жарысында ерекше өнер көрсетіп, Азияның 12 мықты командасы арасынан 1-орынды иеленді! Азияның «менмін» деген үздік ойыншыларымен сайысқа түсіп, үлкен ерлік пен намыс танытып, Кубокты  жеңіп келгені – барлығымыз үшін зор мақтаныш! Бұл жеңіс – еңбектің, тәртіптің және табандылықтың жемісі! Уалиханның жетістігі мектеп ұжымы мен сыныптастары үшін үлкен
“Күзгі асар” тақырыбында күзгі жәрмеңке
04
ноябрь
2025
“Күзгі асар” тақырыбында күзгі жәрмеңке
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 IT мектеп-лицейінде бастауыш сыныптар апталығының онкүндігінде “Күзгі асар” тақырыбында күзгі жәрмеңке өткізілді. Оқушылар өз еңбектерімен түрлі қол өнер бұйымдарын жасай отырып, күздің кереметін ерекше суреттеді.Балалар түрлі сұрақтарға жауап беріп, тартысты ойындар ойнап, күз тақырыбына арналған өлең жолдарын арнады.  Іс - шараны  Тукешова Нұржамал, Арапова Мөлдір, Құттыбаева Бағила ұстаздарымыз ұйымдастырды. Мақсаты:  Оқушыларды еңбекке,
💬 Дебат – ойды ұштайтын, тұлғаны шыңдайтын дода!
04
ноябрь
2025
💬 Дебат – ойды ұштайтын, тұлғаны шыңдайтын дода!
10-қазан күні біздің оқушылар Сейтжан School базасында өткен дебат турниріне қатысып, өздерінің бағын сынап көрді. Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше әсер сыйлады. Балалар жаңа тәжірибе жинап, өз ойларын еркін жеткізу, дәлел келтіру мен командалық жұмыс дағдыларын дамытты. Бұл дода бізге бір нәрсені анық көрсетті — жеңіске жету үшін табандылық пен үздіксіз дайындық қажет! Оқушылар шабыттанып, келесі турнирлерге одан да мықты дайындықпен қатысуға уәде берді.
Ақселеу Сейдімбек атындағы №80 ІТ  мектеп-лицейінде  қазақтың көрнекті қаламгері,ұлт жанашыры ,  ғалым Ақселеу  Сланұлы  Сейдімбек
04
ноябрь
2025
Ақселеу Сейдімбек атындағы №80 ІТ мектеп-лицейінде қазақтың
Ақселеу Сейдімбек атындағы №80 ІТ  мектеп-лицейінде  қазақтың көрнекті қаламгері,ұлт жанашыры ,  ғалым Ақселеу  Сланұлы  Сейдімбектің жұбайы Орал апай мен  қыздары Салтанат , Перизат , Ақбота ханымдар   және мектебіміздің алғашқы басшысы әрі         А. Сейдімбектің шәкірті  Сауле Жантөреқызы Калибекова қонақ болып келді.  Бұл – мектеп ұжымы үшін ерекше әрі тарихи мәні бар күн болды, жазушының отбасын және мектебімізге А. Сейдімбек атауын алуға көп еңбек сіңірген Сауле апаймен кездесу қуанышты
📚БІЛІМ БАСТАУЫ-БАСТАУЫШТА
04
ноябрь
2025
📚БІЛІМ БАСТАУЫ-БАСТАУЫШТА
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 80 IT мектеп- лицейінде бастауыш сыныптар апталығының онкүндігінде "Қауіпті және қауіпсіз жағдайлар"  тақырыбында сурет байқауы өтілді. Суреттер байқауы балаларды қауіпсіз мінез- құлық ережелеріне үйретудің маңыздылығын атап өтуге арналған. Қатысушылар өз суреттерінде қауіпсіздік шешуші рөл атқаратын жағдайларды суреттеді:  көшеде,  мектепте, үйде немесе суда шомылу кезінде. Балалар жолдан қалай дұрыс өту керектігін,  от пен электр қуатын пайдалану,
"Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!"
04
ноябрь
2025
"Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!"
Әрбір ұлттың өзінің қастер тұтар рухани құндылықтары болатыны әркімге аян нәрсе. Соның ішінде әрине, бірінші кезектегісі – тіл! Сонан соңғысы сол сөйлеу тілімен қатар жүретін – музыкалық тілі! Ал, енді қазақ ұлтының музыкалық тілі домбыраның қоңыр үнінде! Сол себепті де "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!" деп Қадыр ақын текке жырламаса керек. Яғни, домбыраның әрбір қазақтың өмірінде алар орны айырықша. Әсіресе, оның жас өскіннің өз ұлтының толыққанды өкілі болып қалыптасуындағы
📚БІЛІМ БАСТАУЫ-БАСТАУЫШТА
04
ноябрь
2025
📚БІЛІМ БАСТАУЫ-БАСТАУЫШТА
МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 ІТ мектеп-лицейінде бастауыш сыныптар апталығының  «Білім бастауы — бастауышта» тақырыбындағы онкүндіктің ашылуына орай  «Менің атым Қожа» атты оқуға құштарлыққа бағытталған іс-шара болып өтті. 3-сыныптар арасында ұйымдастырылған бұл сайыс өте қызықты да мазмұнды өтті. Оқушылар жазушы Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер айтып, кейіпкерлерге еліктеп ән айтып, оқыған шығарма бойынша сұрақтарға жауап берді.
аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу, өмірлік қиын жағдайда жүрген оқушылар
04
ноябрь
2025
аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу, өмірлік қиын жағдайда
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 80 ІТ мектеп-лицейінде аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу, өмірлік қиын жағдайда жүрген оқушыларды анықтау  мақсатында педагог-психолог: С.Мырзалиева, Б.Тулегенова, А.Нысан  2-11 сынып оқушыларына психодиагностикалық жұмыстар жүргізуде.  Психодиагностика нәтижесі негізінде түзету, дамыту, психопрофилактикалық  жұмыстар іске асырылады.  Психодиагностиканың міндеті-баланың өзіне де онымен жұмыс істейтін ересектерге де түсінікті,  әрі пайдалы
“Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасының қазан айындағы жоспарына сәйкес құқықбұзушылықтың алдын-алу
04
ноябрь
2025
“Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасының қазан айындағы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 IT мектеп-лицейінде “Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасының қазан айындағы жоспарына сәйкес құқықбұзушылықтың алдын-алу яғни,буллинг,бопсалау,өзге де қысым көрсету фактілері, жыныстық қылмыстар,есірткі пайдалану және т.б сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 5-7 сынып  ұлдарына “Қылмыссыз әлем”атты жалпы ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыста ДТІЖО А.М.Куралбекова және Шымкент ҚПД Қаратау АПБ ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Төленбеков
🌟 "Бала Абайдан – дана Абайға дейін" 🌟
04
ноябрь
2025
🌟 "Бала Абайдан – дана Абайға дейін" 🌟
№80 мектеп-лицейінде Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі өз мәресіне жетті. Онкүндіктің жабылуына орай ұйымдастырылған "Бала Абайдан – дана Абайға дейін" атты тағылымды іс-шара көрермен көңілінен ерекше орын алды. Іс-шара барысында оқушылар ұлы ақынның өмір жолын сахналық көрініс арқылы бейнелеп, Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Әсем әуенге толы әндер мен жүрекке жылы күйлер кештің көркін кіргізіп, көрермендерге рухани әсер сыйлады. Бұл шара – Абайдың даналық