АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР НАЗАРЫНА ЕСКЕРТУ! » «№80 IT мектеп-лицейі» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№80 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 77-47-86
Есепші бөлімі:
+7(7252) 77-47-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР НАЗАРЫНА ЕСКЕРТУ!
03
март
2025

АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР НАЗАРЫНА ЕСКЕРТУ!

  Шымкент Қаласының Білім Басқармасына қарасты №80 IT мектеп-лицейінде “8 наурыз - Халықаралық әйелдер” мерекесі қарсаңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан және ұстаздардан, оқушылардан түрлі мақсатта ақша жинауға тыйым салынғандығы туралы ескертеді: 
 ✅Мұғалімдерге сыйлық беру – міндетті емес. Ұстаздардың еңбегін бағалау үшін ең жақсы сый – балалардың білімге деген ынтасы мен тәртібі.
 ✅Материалдық сыйлықтар заңға қайшы болады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге (оның ішінде мұғалімдерге) сыйлық беру сыбайлас жемқорлыққа жатуы мүмкін.
 ✅Ұстаздар үшін ең құнды сый – құрмет пен алғыс. Жылы сөздер, алғыс хаттар мен шынайы ризашылық – нағыз бағалы сыйлық.
 ✅Баршаға бірдей әділдік. Кейбір ата-аналар қымбат сыйлық бере алса, кейбіреулердің мүмкіндігі жоқ. Бұл балалар арасында да, мұғалімдер арасында да ыңғайсыз жағдай туғызады.
 ✅Мұғалімдерді ыңғайсыз жағдайға қалдырмау. Көптеген ұстаздар сыйлық алудан бас тартқысы келеді, бірақ кейде қабылдауға мәжбүр болады. Бұл олар үшін психологиялық қысым тудыруы мүмкін.
 ✅Балаларға дұрыс үлгі көрсету. Сыйлық беруді міндет деп санау – жас ұрпаққа қате көзқарас қалыптастыруы мүмкін. Оның орнына, ұстаздарды құрметтеуді басқа жолмен көрсетуді үйретуіміз қажет.
 ✅Мектеп әкімшілігінің өздеріңізге ұсынған мектептің ішкі тәртіп ережелерін құрметтеуге және қатаң сақтауға шақырамын. 
 ✅Құрмет пен алғыс – ең үлкен сый. Мұғалімдер үшін оқушылардың жетістігі, ата-аналардың ризашылығы және мектеп қауымдастығының қолдауы кез -келген материалдық сыйлықтан әлдеқайда құнды.
Құрметті ата-аналар және әріптестер!
Жоғарыда айтылған талаптарды назарға алуларыңызды сұранамын!
Біздің мақсатымыз-сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, өскелең ұрпақтың бойында шыншылдық пен патриоттық сезімді ояту, тұлға қалыптастыру.
Құрметпен,№80 IT мектеп-лицейінің директоры:
Абдишукурова Баян Қалдыбайқызы
📞Телефон:8(778)-392-76-26
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Құралбекова Ақшолпан Мадиярқызы 
📞Телефон:8(775) 679-58-69
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары : Сламбекова Назерке Байдалықызы
📞Телефон:8(700) 810-50-50
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Кадырова Анар Бахытжанқызы 
📞Телефон:8(778) 680-06-15
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив