18
март
2025
бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен “Қош келдің,әз Наурыз!” тақырыбында наурыз мерекесі тойланып өтті.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты
№80 ІТ мектеп-лицейінде
Бүгін 18-наурыз күні бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен “Қош келдің,әз Наурыз!” тақырыбында наурыз мерекесі тойланып өтті.
Іс-шараның мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпағымыздың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мерекеде оқушылар әсем әндер айтып,күй тартып,би биледі. Ұстаздар қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттап түрлі қойылымдар қойды. Атап айтсақ, “Сырға салу”,”Тұсау кесу”,” Бесікке салу” рәсімдерін көрсетті. Адамдарға дәулет дарытып,бақ қондыратын ақсақал кейпінде көрінетін Қыдыр ата батасын берді.
Жүректерге нұр сепкен, шуағымен гүл көктемді алып келген Наурыз мерекесін осылай қуанышпен қастерлеп,құрметтеп қарсы алды.
Наурыз мерекесі құтты болсын!