16
октябрь
2024
«БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» тақырыбында айлық іс-шара жоспар
№80 ІТ мектеп -лицейінде «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» тақырыбында айлық іс-шара жоспарына сәйкес 15 қазан күні кәмелетке толмағандардың арасындағы және оларға қарсы жасалған құқық бұзушылықтардың, , зорлық-зомбылықтың, жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың профилактикасы, өзіне-өзі қол жұмсау фактілерін болдырмау және өмір қауіпсіздігін сақтау, буллингтің алдын алу, ұялы телефондағы ойындардың бала өміріне қауіпі, отбасылық құндылықтар және жеке бас гигиенасын сақтау мақсатында 8-сынып оқушы қыздарымен "Қыз тәрбиесі тақырыбында түсіндірме ақпараттық жұмыстары жүргізілді.
Қыздар жиналысына мектеп-лицей ДТІЖО А. Алтынбекова, медбике Г. Сырлыбаева, қыздар кеңесінің төрайымы Ж. Орынбаева, психолог С.Мырзалиева қатысып, өз баяндамаларында қыз тәрбиесіндегі қажетті ақпараттармен бөлісті, ақыл-кеңесін айтты.
