📚 Эссе байқауы — “Отаным менің – Қазақстаным” 🇰🇿 » «№80 IT мектеп-лицейі» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№80 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 77-47-86
Есепші бөлімі:
+7(7252) 77-47-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 📚 Эссе байқауы — “Отаным менің – Қазақстаным” 🇰🇿
04
ноябрь
2025

📚 Эссе байқауы — “Отаным менің – Қазақстаным” 🇰🇿

21 қазан күні 80 ІТ мектеп-лицейінде 5–11-сынып оқушылары арасында
“Отаным менің – Қазақстаным” тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
Бұл байқаудың басты мақсаты — жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты, елге деген мақтаныш сезімін, шығармашылық қабілеттері мен ой өрісін дамыту болды.
✍️ Эссе жазу арқылы оқушылар өз жүрегіндегі туған жерге деген ыстық ықыласын, еліміздің жетістіктеріне деген сүйіспеншілігін, азаматтық жауапкершілік сезімін көркем тілмен жеткізді. Әрбір жұмыс – оқушының ішкі жан дүниесінің айнасы іспетті болды.
💫 “Отаным менің – Қазақстаным” тақырыбы аясында қатысушылар еліміздің бай тарихы мен бүгінгі дамуын, Тәуелсіз Қазақстанның болашағына деген сенімдерін әсерлі ой, көркем сөзбен өрнектеді.
🌿 Байқау барысында оқушылардың тіл байлығы, шығармашылық ұшқырлығы мен ой тереңдігі жоғары деңгейде көрінді.
🏆 Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
🥇 І орын — Мақсатқызы Сезім
🥈 ІІ орын - Кәдірхан Дінмұхаммед 
🥉 ІІІ орын —Кенжетай Айбану
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Сіздердің еңбектеріңіз — туған елге деген сүйіспеншіліктің, азаматтық ұстанымның көрінісі.
📖 Іс-шараны ұйымдастырған:
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив