Bilim-brend.kz » «№80 IT мектеп-лицейі» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№80 IT мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 77-47-86
Есепші бөлімі:
+7(7252) 77-47-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
ноябрь
2021

Bilim-brend.kz

2019 жылдың 12 наурыз күні, Қамқоршылық кеңесінің №1 хаттамасының шешімі бойынша мектебімізде "Bilim-brend.kz" қоғамдық қоры құру туралы жиналыс өткізіліп тиісті құжаттар ҚР Әділет министрлігі, Шымкент қаласының Әділет департментіне жолданды. Қоғамдық қордың басшысы: Молдабеков Шадияр Мекенбайулы; Құрылтайшылары: Молдабеков Шадияр Мекенбайулы; Шыныбекұлы Өмір; Шокибаева Айгуль Нышановна; Перменов Бекжан Абдалимович; Махашева Жанат Алдабердиевна; Әкімхан Бексұлтан Әкімханұлы; Айдарханов Алмат Парахатулы; Иманқұл Мұсат Париддинулы; Кендебай Арайлым Абайқызы. ҚР Әділет министрлігі, Шымкент қаласының Әділет департаменті Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама 190340027128 бизнез-сәйкестендіру нөмірі, 27.03.2019ж. берілді. Яғни, құжаттың барлық заңды екендігі тексеріліп, қоғамдық қордың құрылуына рұқсат берілді. «Қазпочта» Акционерлік қоғамы мен келісім шартқа отырып банк шоты ашылды: KZ355663X350000124596 Шоттың ашылу күні: 14.05.2019ж Қордың жарғысы, құрылтай шарты заңды болып табылады. 
ҚОРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТЫ 
Қор төмендегі мақсаттарға жету үшін құрылған: 
• «№80 мектеп-лицейі» мемлекеттік коммуналдық мекемесін дамыту мақсатында қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету; 
• Қордың ғылыми, білім беру, әлеуметтік, мәдени және басқада қоғамдық-пайдалы шараларды қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу; 
• барлық мектеп түлектерін біріктіру, мектеп түлектеріне әлемнің үздік жоғарғы оқу орындарына түсуге көмектесу; 
• мақсатты капиталды қалыптастыру, түскен кірісті мектеп-лицейді дамыту мақсатында ғана пайдалану; 
• жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, патронаттық тәрбиеленуші балаларға, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына, көпбалалы отбасы балаларына, мүмкіндігі шектеулі оқушыларға «Мектепке жол», «Қамқорлық» қайырымдылық акцияларының мақсаттарға бағытталған; 
• ұстаздарға, оның ішінде мектеп-лицейдің ардагерлеріне, дарынды студенттерге әлеуметтік және материалдық атаулы қолдау көрсетуге жәрдемдесу, оқу-әдістемелік үрдістерді қолдау; 
• білім беру қауымдастықтың халықаралық байланысын орнату және дамыту;
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив