

№80 ІТ мектеп-лицейінің ұжымы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 25 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауын зор ықыласпен қабылдады.

Білім саласына, жасанды интеллектті дамытуға, ІТ саласындағы жаңа мүмкіндіктерге бағытталған бастамалар – жас ұрпақтың сапалы білім алуына, болашақта бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына үлкен серпін береді.

№80 ІТ мектеп-лицейі жасанды интеллект, робототехника, бағдарламалау бағыттарында оқушылардың білімін дамытып, еліміздің инновациялық өркендеуіне үлес қосуға дайын.

Жолдау – болашаққа бастайтын жол!

Білімді ұрпақ – жарқын келешек кепілі!