13
август
2025
Білім беру ұйымдарының бос жұмыс орындары туралы ақпарат

Шымкент қаласы білім басқармасының “№80 ІТ мектеп-лицей” КММ педагогтерді конкурс негізінде жұмысқа қабылдайды.
Жұмысқа қабылдау “ Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрық талаптарына сәйкес жүргізіледі.
🏫 Мектептегі бос лауазымдар туралы ақпарат Шымкент қаласы білім басқармасының ресми сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/documents/details/883387?lang=kk), https://80.shymkent-mektebi.kz/, мектептің әлеуметтік желілерінде және enbek.kz сайтында жарияланады.
📄 Құрметті үміткерлер!
https://hr-nobd.edu.kz/ порталындағы техникалық ақауларға байланысты барлық бос лауазымдарға конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау 13.08-21.08.2025 (қоса алғанда) 7 жұмыс күні ішінде мектептің қабылдау бөліміне қағаз нұсқада құжаттарды қабылданады.
ℹ Толық ақпарат пен талаптар мектептің ресми парақшасында немесе қабылдау бөлмесінде беріледі.
📍 Мекенжайымыз: Шымкент қаласы, Нұртас ш.а., 404 ғимарат. 87252774786
📞 Байланыс телефоны: хатшы 87025469725