21
октябрь
2024
«Діни Экстремизм-терроризм. Ұлтымызды, дінімізді, тілімізді сақтайық!»тақырыбында "Д.Шыңғысбай қажы" мешітінің наиб имамы Қарымбек Ерғали мырзамен кездесу өткізілді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 80 IT мектеп-лицейінде 7 хб3,7н сынып жетекшілері Ж.Кошикова, Ж.Махмутова ұйымдастыруымен 2024 жылдың қазан айының 21-і күні 7 сынып оқушылары арасында «Діни Экстремизм-терроризм. Ұлтымызды, дінімізді, тілімізді сақтайық!»тақырыбында "Д.Шыңғысбай қажы" мешітінің наиб имамы Қарымбек Ерғали мырзамен кездесу өткізілді.
Бұл кездесудің мақсаты - мектеп оқушыларына дін туралы мағлұмат беру, олардың әртүрлі наным-сенімдерді түсініп, құрметтеуге ықпал ету және діннің әлем мен мәдениеттегі рөлін талқылау.
Діннің не екенін, онымен қандай негізгі наным-сенімдер байланысты екенін түсіндіріп, әлемдегі наным-сенімдердің әртүрлілігінің маңыздылығын атап көрсетті. Экстремизмнің не екенін, оның қандай формада болатынын , діни ілім мен экстремистік бұрмалаулардың айырмашылығын атап көрсетіп, экстремизм оқиғалары мен оның салдарын нақты мысалдармен келтірді. Экстремизм қауымдастықтар мен отбасыларды қалай бұзатыны туралы айтылды. Діни экстремизмге байланысты оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарды қойып,өз жауаптарын алды.

