02
октябрь
2024
«ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Республикалық байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпазы Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты
№80 IT мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, экономика ғылымдарының магистрі Иманов Нуралы Бердихановичті жеңісімен құттықтаймыз!
Иманов Нуралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты марапатына ие, “Педагогикалық идеялар фестивалі” қалалық және республикалық кезеңдерінің жеңімпазы, "Үздік авторлық бағдарлама" қалалық байқауы Бас жүлде - 2023 жыл, Bilimland платформасының «Жаңашыл мұғалім 2021-2022» республикалық байқауының финалисті және «Қазақстанның үздік педагогі» республикалық байқауының ІІ-орын жүлдегері, «CLIL, PBL әдісін оқыту» бойынша сертификатталған тренері, «Cisco Networking Academy» сертификатталған эксперт деңгейлі тренері, Шәкірттері қалалық, республикалық және халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жұмыс жарыстарының жеңімпазы.
ӘРІПТЕСТЕРІМІЗДІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНУЫН ТІЛЕЙМІЗ!
