21
август
2024
DIGITAL KAZAKHSTAN: “ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ” БАҒЫТЫНДА АЙМАҚ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ
«Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» педагогтердің Республикалық тамыз кеңесі аясында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N 80 IT мектеп-лицейінің педагог-шеберлері ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтан білім саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін химия пәні мұғалімі Джанмулдаева Гулназ, орыс тілі пәні мұғалімі Курманбаева Бахыт,математика пәні мұғалімі Бакирова Назира "Ы.Алтынсарин" төсбелгісімен, музыка пәні мұғалімі Айтбаев Сабит ұстаздарымыз құрмет дипломымен марапатталды.
Ұстаз – білім мен даналықтың қайнар бұлағы. Өскелең ұрпаққа мемлекет идеологиясы мен патриоттық рухты, қоғамдағы ең басты құндылықтарды сіңіретін де ұстаздар. Мұғалімдердің алдындағы маңызды міндет – жаңа технологияларды тиімді қолдануды үйрену, сонымен қатар оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру.
Білім саласының өркендеуі жолында адал қызметтеріңіз бен жастарға саналы тәрбие беруде еңбектеріңіз жемісті болсын!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!



