08
сентябрь
2024
ОТБАСЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Отбасы – қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі. Себебі, отбасы – адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде есігін айқара ашып енетін ортасы, өсіп, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмасын отбасының адамзат ұрпағына ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсемен салыстыруға болмайды.
Түптеп келгенде ана тілімізге, халқымыздың ұлттық дәстүріне сыйластықпен, сүйіспеншілік қарау, Отанды сүю, оған қамқорлық көрсету – отбасында қалыптасады. Сол себепті де «Отан отбасынан басталады» деген даналықты халқымыз тектен текке айтпаған.
Сіздерді жылы күздің молшылығымен бірге келген жарқын мереке – Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақтың әр отбасының керегесі кең, шаңырағы биік, босағасы берік болсын! Әр үйде бақ қонып, қыдыр дарып, қуаныш пен шаттық шалқысын!