23
май
2024
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық ҮІ "Абайтану" олимпиадасының қалалық кезеңінде №80 ІТ мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Асхарова Хадиша жүлделі
І орын иеленді.
Олимпиаданың негізгі міндеті – Абай өлеңдерінің мән-маңызы мен қадір-қасиетін түсінуге бейімдеу, хакім қара сөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгеру, Абайша ойлауға ұмтылу, сөйлеу мәдениетін үйренуге, тіл тазалығын сақтауға дағдылану және күнделікті өмірде қолдану.
Жетекшісі:Тойчибекова Динара.
