29
январь
2024
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮНДІСТАНДАҒЫ РОБОТОТЕХНИКА ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТЫ ЖОҒАРЫ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮНДІСТАНДАҒЫ РОБОТОТЕХНИКА ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТЫ ЖОҒАРЫ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ



«Challenge Solution» марапаты - Billion Team командасы, Екібастұз қаласының «Robopark» робототехника мектебі;
«Team model» - Jylyoi Tehnik командасы, Құлсары қаласының Е.Халыков атындағы №7 және А. С. Пушкин атындағы №6 мектеп құрамалары.

«Engineering Excellence» марапаты - Nova Fusion командасы, Астана қаласының дарынды қыздарға арналған лицей-интернаты;

1 орын «Motivate award 1st runner up» - Sana team командасы, Алматы қаласының БИЛ;
1 орын «Think award Winner» - xCellence командасы, Астана қаласының ФМН НЗМ және Astana Garden School мектептерің құрамасы;
1 орын «Inspire award 1st runner up» - Qazaq style командасы, Алматы қаласының №124, №81, №178, №206, №200 мектептерінің және Түркістан облысы, Жетісай қаласының №6 мектебі.
«Біздің командаларымыз жарысқа қатысу тәжірибесінің аздығына қарамастан өте жоғары кәсіби деңгейін байқатты. Чемпионатта тамаша ойын өрнегін көрсетіп, төл мәдениетімізді паш етті. Елімізге шетелдік командаларды шақыру үшін үлкен жұмыс атқарылды. Осылайша, ақпан айында Астанадағы Орталық Азия ойындарына Үндістан мен Шри-Ланкадан бірнеше команда қатысатынын растады», — деді «Алматы дарыны» орталығының бөлім басшысы Жанна Алмусаева.

#QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК