04
ноябрь
2025
Ағылшын тілі семинары
Тақырыбы: Generation Next: Motivating English Learners
Күні: 2025 жылғы 29 қазан
Өтетін орны: Шымкент қаласы, «IT School-Lyceum №80» КММ
«Generation Next: Motivating English Learners» атты семинар ағылшын тілі мұғалімдері мен педагогтар үшін тәжірибе алмасуға, бір-бірінен шабыт алуға және қазіргі заман оқушыларын ынталандырудың жаңа тәсілдерін талқылауға арналған жарқын алаңға айналды.
Іс-шараның ашылуында KazTEA президенті Татьяна Летяйкина мен TESh президенті Шолпан Муталиева ағылшын тілі білімін дамытудағы инновация мен мотивацияның маңыздылығын атап өтті.
Семинар барысында белсенді баяндамалар ұсынылды:
• Татьяна Зайкова сыныптағы өзара әрекеттесудің шығармашылық түрлерін көрсетті;
• Татьяна Летяйкина, KazTEA президенті, академиялық және кәсіби қарым-қатынасқа арналған цифрлық құралдардың тиімділігін таныстырды;
• Зүлфия Сманова нақты және айқын мақсат қоюдың оқыту үдерісін түрлендіре алатынын айтты.
