“ЕҢБЕГІ АДАЛ-ЖАС ӨРЕН” жобасы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 IT мектеп-лицейінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының “Еңбегі адал-жас өрен” жобасы аясындағы қазан айының жоспарына сәйкес 5-7 сынып оқушылары арасында күзгі жәрмеңке ұйымдастырылды.

Мақсаты:балаларға еңбекке деген қызығушылықты арттыру, жауапкершілік пен ұйымшылдық қасиеттерін дамыту, командалық жұмысқа үйрету. Сондай-ақ, жәрмеңке арқылы оқушылар табиғи тағамдармен танысып, олардың маңыздылығын түсінеді. Бұл шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, сондай-ақ мектепішілік және мектеп аралық ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі.

Күзгі жәрмеңке — білім мен тәрбие мақсатында ұйымдастырылатын қызықты әрі танымдық іс-шара.
