« ЕНТ-ке сеніммен» тақырыбында психологиялық тренинг
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты IT Школа-лицей №80нде педагог-психолог С.Мырзалиева 11 сынып оқушыларын стресстік жағдайларды жеңе білуге және Ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі өздеріне сенімділіктерін арттыра түсуге көмектесу мақсатында « ЕНТ-ке сеніммен» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Тренинг барысында күн тәртібін реттеу, дұрыс тамақтану, дұрыс ұйқы, спортпен айналысу, таза ауада жиі серуендеудің бітіруші түлектер үшін маңызы жөнінде баяндама оқылды.