05
март
2025
« ЕНТ-ке сеніммен» тақырыбында психологиялық тренинг
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты IT Школа-лицей №80нде педагог-психолог С.Мырзалиева 11 сынып оқушыларын стресстік жағдайларды жеңе білуге және Ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі өздеріне сенімділіктерін арттыра түсуге көмектесу мақсатында
« ЕНТ-ке сеніммен» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді.
Тренинг барысында күн тәртібін реттеу, дұрыс тамақтану, дұрыс ұйқы, спортпен айналысу, таза ауада жиі серуендеудің бітіруші түлектер үшін маңызы жөнінде баяндама оқылды. Стрессті, негативті көңіл-күйді жеңуге көмектесетін сергіту жаттығулары,«Шынымды айтсам» топтық жаттығулары, Изотерапия техникалары жүргізілді. Стресс тесті алынды.
Тренинг соңында кері байланыс жүргізіліп, бітіруші түлектер өздерін алаңдатқан сұрақтарына психолог маманнан жауап алды.