04
ноябрь
2025
МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН🇰🇿🇰🇿
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты IT Школа-лицей №80нде 2 қыркүйек күні 1-11 сынып оқушыларымен “Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Менің Отаным -Қазақстан!» тақырыбында Республикалық бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Қазақстанның тарихын, рәміздері мен ұлттық құндылықтары жайлы мағлұмат алу.
Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер мен биік белестердің бастауы. 2025–2026 оқу жылында білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау – барша ұстаздар мен ата-аналардың басты мақсаты.
Біліммен тәрбие қатар жүрсе – ұрпақтың болашағы жарқын болмақ!
Жаңа оқу жылына сәттілік!!!
