«МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН» ТАҚЫРЫБЫМЕН СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ » «IT Школа-лицей №80» КММ
Коммунальное государственное учреждение
"IT Школа-лицей №80"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 77-47-86
Бухгалтерия
+7(7252) 77-47-86
Версия для
слабовидящих
» » «МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН» ТАҚЫРЫБЫМЕН СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
02
сентябрь
2024

«МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН» ТАҚЫРЫБЫМЕН СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан-Адал азамат» атты екінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.
     Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың  2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» атты үшінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес Біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны жаңартылды.
    Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан-Адал азамат- Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады. Үштаған-бір-бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар, ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуді саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен әрі қарай дамуының стратегиялық бағдарын айқындайды. Бұл «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының басты идеясына айналды. 
    «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының  «Тәуелсіздік және отаншылдық»  құндылығын негізге ала отырып, Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N80 IT мектеп-лицейінде  2024 жылғы 2 қыркүйек күні оқушыларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін, табиғатын таныстырып, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, оқушылардың бойында мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін ояту, туған жерді қорғауға және мақтан етуге тәрбиелеу мақсатында  1-11 сыныптарда «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбымен  сынып сағаттары өткізілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив