Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты IT Школа-лицей №80нде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Наурызнама”онкүндігінің жоспарына сай 18 Наурыз- “Ұлттық киім” күні. Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы. Осы орайда мектеп ұжымы және оқушылар қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім үлгісін заманауи жаңғырту мақсатында ұлттық киімдерін көрсетті.

18 наурыз – Қазақстанда Ұлттық киім күні ретінде атап өтілетін ерекше мейрам. Бұл күн қазақтың дәстүрлі мәдениетін жаңғыртып, ұлттық киімнің маңыздылығын насихаттауға бағытталған.

Қазақ халқының ұлттық киімі – тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Әрбір ою-өрнек, әрбір түйме мен зергерлік бұйым белгілі бір мағынаға ие. Қазақы шапан, камзол, сәукеле, тақия, белбеу мен етік – халқымыздың өмір салты мен эстетикалық талғамын көрсетеді.

Бүгінде қуантарлық жағдай дизайнерлер қазақтың ұлттық нақыштарын заманауи киім үлгілеріне бейімдеп, күнделікті өмірге енгізуге тырысуда. Камзол мен шапанның заманауи үлгілері, ою-өрнекпен көмкерілген көйлектер мен костюмдер трендке айналып келеді.