⚜️Наурызнама: "Ұлттық спорт" күні⚜️ » «IT Школа-лицей №80» КММ
Коммунальное государственное учреждение
"IT Школа-лицей №80"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 77-47-86
Бухгалтерия
+7(7252) 77-47-86
Версия для
слабовидящих
» » ⚜️Наурызнама: "Ұлттық спорт" күні⚜️
20
март
2025

⚜️Наурызнама: "Ұлттық спорт" күні⚜️

Наурыз – ата-бабамыздан жеткен көктемнің, жаңарудың, береке мен бірліктің мерекесі. Осы ұлыстың ұлы күнінде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу – үлкен мақтаныш.
 20 наурыз  күні IT Школа-лицей №80нде Наурызнама аясында "Ұлттық спорт" күні атап өтілді. Бұл күн – халқымыздың қайсарлығын, ептілігін және жігерін көрсететін ұлттық ойындар мен спорт түрлерін насихаттауға арналған.
⚡ Бағдарламада:
✅Асық ату – мергендік пен дәлдікті сынау; 
✅ Арқан тарту – командалық рух пен күш сынағы; 
✅ Тас көтеру – нағыз жігіттерге арналған байырғы спорт; 
✅ Тоғызқұмалақ — қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны, логикалық және математикалық ойлауды дамытатын стратегиялық ойын; 
✅Бес тас—ептілік пен саусақ-қол моторикасын дамытуға арналған ойын. 
Іс-шара соңында  ұлттық ойындарға белсене қатысқан  оқушылар  марапатталды. 
Ұлттық спорт – тек дене шынықтыру ғана емес, ата-бабамыздың өмір сүру салты мен рухын бойға сіңіру!
Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз! Ұлттық ойындарымыз ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!
Ұйымдастырушылар: дене шынықтыру  пәні мұғалімдері. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив