21
май
2024
«Кемелді болашақ негізі - кәсіби маман» атты ашық есік күні

Шымкент қаласы білім басқармасының «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжі МКҚК 2024 жылдың мамыр айында кәсіби бағдар беру бойынша өткізілген «Кемелді болашақ негізі - кәсіби маман» атты ашық есік күніне №80 ІТ мектеп-лицейінен 9-сынып оқушылары қатысып қайтты.Онда мамандықтармен, колледждің материалдық техникалық базасымен танысты.«Мастер-класс»,«Кестелеу», «Биссермен жұмыс»,«Құрақ құрау» және колледждің тыныс тіршілігі туралы бейнеролик көріп, «Тау қырандары» киім сән үлгісін тамашалап қайтты.