15
ноябрь
2023
"Ұлттық теңге -Тәуелсіздігіміздің нышаны"
Елбасының 1993 жылдың 15 қарашасындағы «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы негізінде Теңге елімізде ұлттық валюта ретінде айналымға енуі тәуелсіз мемлекет үшін маңызды қадам болды.
Сол кезеңнен бері дәл осы күн Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні және қаржы жүйесінде жұмыс атқаратын қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып аталынып келеді.
15- қараша Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне орай #80 ІТ лицей- мектебінде Абилханова Ақшолпан және Айтораева Лаззаттың ұйымдастыруымен 7"ХБ2" және 8"К"сынып оқушылары "Ұлттық теңге -Тәуелсіздігіміздің нышаны" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті.
Мақсаты: Білім алушыларға төл теңгеміздің шығу тарихымен таныстыру, теңгеміздің айналымға енуі қаржылық жүйеміздің тәуелсіздігі үшін өте маңызды оқиға екенін білім алушыларға жете түсінік беру.
Сабақ барысында алғашқы төл теңгеміздің банкноттарын талдау, түрлі викториналық сұрақтар, танымдық қабілетін арттыруға бағытталған ойындар өткізілді.
Білім алушылардың арасынан 8"К" сынып оқушысы Бахытжан Соня ұлттық теңгемізге Қазақтың ұлы тұлғаларының бейнесін бейнелеп ұсынды.
Атап айтсақ: бірлігі жарасқан ел болсын деп "Қазақтың үш биі" қазақтың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсарин, "Қазақтың үш бәйтерегі " сияқты туындылары көрермендердің жүрегінде ұлтжандылықты оятқандай көрініс тапты
Қорытындылай келе
Төл теңгеміз қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы және экономикалық дамуымыздың басты кепілі.