«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ДІНИ СЕРГЕКТІК» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ » «IT Школа-лицей №80» КММ
Коммунальное государственное учреждение
"IT Школа-лицей №80"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 77-47-86
Бухгалтерия
+7(7252) 77-47-86
Версия для
слабовидящих
» » «ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ДІНИ СЕРГЕКТІК» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ
21
ноябрь
2023

«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ДІНИ СЕРГЕКТІК» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ


Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты IT Школа-лицей №80нде 17.11.2023 күні "Діни экстремизмнің алдын алу және діни сергектік" тақырыбында "Дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығынан" дінтанушы-теолог Омарбек Бектұрсын Айбердіұлы қатысуымен 7 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында: ұлттық құндылықтар, діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу, теріс діни ағымдардың ықпалын азайту, жат ағым өкілдерінің пайда болуы және олардың мақсаты, ғаламтор құрбанына айналудың негізгі себептері туралы мағлұматтар беріліп, олардан сақтану жолдары жайлы бейнеролик көрсетілді.
Мақсаты: оқушыларға қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.
Теолог Омарбек Бектұрсын Айбердіұлы оқушыларға экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беріп, оның түрлерін, белгілерін, себебі мен зардаптарын атап өтті. Қазіргі таңда тек заңды сайттарды қарап, арнайы мамандармен кеңесуді ұсынды. Білместікпен заң алдында жауапқа тартылып қалмауға шақырды.Оқушылар аталған мәселеге қатысты ой бөлісіп,танымын кеңейтті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив