
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 ІТ мектеп-лицейінде “Тіл -ұлттың жаны, халықтың қазынасы” атты тілдер апталығының онкүндігі аясында 7 «Фм1»- сыныбы "Көшпенділік" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жасұзақова Қойсынай Назарқұлқызы жүргізді.

Сабақ барысында оқушылар көшпенділердің тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі жайлы тың мәліметтер алып қана қоймай, үндестік заңының түрлерімен танысып, оны практикада қолдану үшін жеке және жұптық жұмыстар орындады.

Оқушылар белсенділік танытып, қазақ халқының рухани қазынасына құрметпен қарауға тәрбиеленді.

Сабаққа қатысқан барлық оқушыларға алғыс айтамыз!