04
ноябрь
2025
«Тіл – татулықтың тірегі» атты челлендж
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты IT Школа-лицей №80нің бастауыш сынып оқушыларының қатысумен «Тіл – татулықтың тірегі» атты челлендж ұйымдастырылып,қаламыздағы №130 жалпы білім беретін мектебіне жолданды.
Тіл – халықтың жаны, ұлттың айнасы. Ол тек сөйлесу құралы ғана емес, сонымен бірге ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын рухани мұра. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Осындай елде бейбіт өмір сүрудің басты шарты – өзара түсіністік пен сыйластық. Ал бұл түсіністік ең алдымен тіл арқылы қалыптасады. Сондықтан мемлекеттік тілді – қазақ тілін меңгеру, оны құрметтеу әр азаматтың борышы. Тіл арқылы біз бірлігімізді бекемдейміз, ортақ құндылықтарымызды ұғынуға жол ашамыз.