19
март
2025
ЖАҢАРУ КҮНІ – АҒАШ ЕГУ КҮНІ!
19 наурыз күні IT Школа-лицей №80нде Шымкент қаласының білім басқармасы ҚР Президентінің 2025 жылғы 28 ақпандағы №25-32-34,87 хатына сәйкес, Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында , Мемлекет басшысы 2024 жылы мақұлдаған Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес 14-23 наурыз аралығында ұйымдастырылатын Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні —" Жаңару күні " аталып өтті.
Көктем – табиғаттың оянатын, тіршілік жаңаратын мезгілі. Ал Жаңару күні – қоршаған ортаны көркейтіп, болашақ ұрпаққа жасыл әлем сыйлаудың тамаша мүмкіндігі!
Бүгін біз ағаш отырғызып, табиғатқа қамқорлық жасаймыз. Әрбір отырғызылған ағаш – таза ауа, көлеңке, өмірдің символы.
Табиғатқа жанашырлық танытып, айналамызды жасыл желекке бөлейік!